02.04.2026
Дүниежүзілік аутизм мәселелері туралы ақпарат тарату күні 2 сәуірде БҰҰ Бас ассамблеясы 2007 жылғы 18 желтоқсанда құрылды.Онда Қарар (A/RES/62/139) қабылданды, ол «мүше мемлекеттерге қоғамның барлық топтарының, оның ішінде отбасы деңгейінде аутизм проблемасы туралы хабардар болуын арттыру үшін шаралар қолдануды ұсынады». 2008 жылдың сәуірінен бастап бұл күн әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын өткізіледі.