Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының "Болашақ"бөбекжайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие "Ясли-сад "Болашак" города Кокшетау при отделе образования по городу Кокшетау управления образования Акмолинской области

СоцСети

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2021 жылға арналған есеп

Төлқұжат 29.02.2024

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Семинар: «Музыканың мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсері»

26.03.2021

03.02.2021 жылы «Болашақ» бөбекжайында мектепке дейінгі ұйымдардың эстетикалық циклындағы қалалық мамандар қауымдастығының жетекшілеріне арналған семинар өтті: «Музыканың мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға әсері». Семинарда: «Болашақ» бөбекжайының музыка жетекшісі Сеитова А.Ш., «Қарлығаш» балабақшасының музыка жетекшісі Қойманова Г.Б., «Достық» балабақшасының музыка жетекшісі Сиберт Г.И. өз тәжірибелерімен бөлісті.  Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Акаева Р.К., эстетикалық цикл мамандарының қалалық қоғамдастығының басшысы Корябкина О.В. және мектепке дейінгі ұйымдардың 34 педагогі қатысты.Семинар соңында Корябкина О.В. алған әсерлерімен бөлісті. Ол мұндай кездесулер жұмыс тәжірибесімен ғана емес, сонымен қатар педагогтардың кәсіби шеберлігін дамытуда үлкен рөл атқаратындығын атап өтті.

Семинарға ұсынылған ақпарат мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына балалармен жұмыс істеуге, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жаңа идеялар мен тәсілдерді табуға көмектеседі деп үміттенеміз.

  • семинар 1.png
  • PHOTO-2021-02-03-15-37-36.jpg
  • PHOTO-2021-02-03-15-37-12.jpg


Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 26.03.2021 14:21
Құрылған күні: 26.03.2021 14:21

Текст