Ересектер тобына арналған
ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:Математика
Тақырыбы:Заттардың қасиеті (пішін, шама). Заттарды биіктігіне,
ұзындығына ені мен калыңдығына қарай салыстыру.
Мақсаты:
а) балаларды заттардың түрлі қасиеттерін тауып, заттарды әртүрлі белгілері
бойынша салыстыруды, заттарды берілген белгілері бойынша топтастыруға үйрету:
ә)
балалардың негізгі түстерді ажырата білу қабілетін дамыту; кеңістікте бағдарлау
қабілетін күшейтуді, кеңістік қатынастарын (алдында-артында ортасында)
анықтауға үйретуді жалғастыру; баланың сөйлеу және талдау қабілетін дамыту;
б)
ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:
Көрнекіліктер:
Сабақтастық байланыс:
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Сабақты "Бізге құртақандар келді " деген ойыннан бастайды (көрнекілік материал-1кесте. "7құртақан") -Кәне, балалар олармен жақсылап танысып алайық. Олардың киімдерінің көлемі мен түсін, кеңістіктегі орналасқан орнын суреттеп көріңдер. |
Балалар ойынға қатысады. Құртақандардың суреттерін қарап шығады, көлемін, түсін, кеңістіктегі орналасқан жерін анықтайды. |
Ұйымдастыру-іздестір |
Балаларға "үлкен -кішкентай, түсі, алдында -артында, арасында, қасында" деген сөздерді пайдаланып, суреттегі әр құртақанды сипаттап беруді ұсынады. Топтағы барлық балалармен осылай жұмыс істейді. Педагог бірнеше баланы тақтаға шығарып, оларды бір-бірінің артына қатарластырып қояды. Қалған балалар олардың белгілерін атап көрсетеді: үлкен - кіші, киімнің түсі, орналасқан жері. Содан соң педагог дәптердегі 1-тапсырманы орындауды ұсынады. Ол үшін алдымен жаңа шартты белгілермен - түс және өлшеммен таныстырады. Тапсырманы ауызша орындауды немесе үлкен құртақанға қандай шелек берілетінін, оның түсі қандай болуы керектігін анықтап, сызық арқылы көрсетуге болады. Сергіту сәтін өткізгеннен кейін педагог 2-тапсырманы "оқуға" көмектеседі. Жапсырмаларды кестенің ұяшықтарға дұрыс жапсыруға, түсін, өлшемдерін және оның дәптердегі орналасқан жерін көрсетуге көмектеседі. |
Заттарды көрсетілген қасиеттері бойынша сипаттайды. Балалар тақтаға шығады және бір-бірінің артына тұрады. Топтағы балалардың аталған белгілерін анықтайды.
Дәптердегі 1-тапсырманы орындайды, заттардың түсі мен өлшемін анықтайды.
2-тапсырманы орындайды. Тиісті заттарды көрсетілген белгілері бойынша жапсырады және оның кеңістікте орналасқан орнын сипаттайды. алдынды-артында, алдында,ортасында. |
Рефлексивті – түзетушілік |
Тақырыпты қорытындылайды және балаларды тапсырмаларды ықласпен орындағаны үшін мадақтайды. Балалардың тақырыпты түсінгенін тексеру үшін 3-тапсырманы өз беттерінше орындауға береді.Ол үшін тапсырманы дұсыс оқу қажет екенін айтады. Улкен заттарды бір түспен, кішкентайын басқа түспен бояу керек. Содан соң олардың қағаз бетінде орналасқан орнын сипаттап беру қажет. Педагог балаларға тапсырманы орындағаны үшін алғыс білдіреді және бүгін құртақандар мен өзге заттардың қасиеттерін сипаттау үшін қандай сөздер қолданғанын сұрайды. Содан соң құртақандармен қоштасып, оларға сабақтан кейін үстелдің үстін қалай жинайтынын көрсетулерін сұрайды. |
3-тапсырмадағы заттарды тапсырма бойынша бояйды. Сұрақтарға жауап береді: "үлкен-кішкентай ", түс (кемпірқосақтың 7-түсін атап көрсетуге болады), кеңістіктегі орнын атап көрсетеді. алдында-артында, алды, арасында, қасында. |
Күтілетін нәтиже: